Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Адам азаптауларына қарсы БҰҰ сарапшылары Қазақстанға 2016 жылдың екінші жартысында келмекші, деп көрсетілген ұйымның сайтында жарияланған хабарда.
«Адам азаптауларына және басқа да қатал, адамгершілікке жатпайтын немесе адам беделін аяқ асты ететін жазаларға қарсы және алдын алу комитетшесінің мүшелері келесі жылы Украйна мен Қазақстанға келуді жоспарлауда, онда олар ешқандай ескертусіз түрмелерге, тергеу абақтылары мен психауруханаларға баруға құқықлы болады», - делінген бейсенбі күнгі хабарда.
Бұл ретте 2016 жылғы алғашқы алты айда азаптауларға қарсы комитетше мүшелері Чили, Румыния, Тунис, Украина мен Кипрде болады. Ол жаққа баратын нақты күндерді әлі үйлестіру керек.
Хабарда айтылғандай, азаптаулардың алдын алу комитетшесі БҰҰ жүйесіндегі адам құқықтары жөніндегі жаңа келісілген орган болып табылады.
Ол Азаптауларға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттама негізінде бекітілген.
Факультативтік хаттама БҰҰ бас ассамблеясымен 2002 жылы желтоқсанда қабылданған және 2006 жылы маусымда күшіне енді. Комитетше өзінің жұмысын 2007 жылы ақпанда бастады. Факультативті хаттамаға қатысушылар - 80 мемлекет. Әр төрт жылда қатысушы мемлекет Конвенцияны орындау бойынша қабылданған заң және әкімшілік шаралар туралы есеп беріп тұрады.
Адам азаптауларына және басқа да қатал, адамгершілікке жатпайтын немесе адам беделін аяқ асты ететін жазаларға қарсы Конвенцияның өзін БҰҰ бас ассамблеясы 1984 жылы мақұлдаған. Оны қазіргі сәтке 156 мемлекет мақұлдады.
Дереккөз: ҚазТАГ