Атырау, 19 мамыр 21:14
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Елімізде Географиялық ақпараттық жүйелер орталығы ашылды

2 157 просмотра

Image 0thenews.kz

Еліміз бойынша ең алғашқы Географиялық ақпараттық жүйелер орталығы бүгін Астанада ашылды.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде құрылған ғылыми лабораторияда студенттер жерсеріктермен жұмыс істеуге үйренеді. Яғни алдын ала барлау, болжау, зерттеу жүргізетін сала мамандары енді ғарыштық технологияларды да кеңінен қолдана алады. Мәселен, ғалымдар «егін шаруашылығында өнімді немесе жердің шығымдылығы мен құнарын жерсерік арқылы бағамдап, тез шешім қабылдауға болады», - дейді. Жалпы, әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарында геожүйенің қолданылу аясы ауқымды деседі. «Әсіресе АҚШ бакалавр дәрежесінде білім алатын студенттер дәрісінің 40%-ына осы тәсілді қолданады», - дейді ғалымдар. Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры: - Құрама штаттарда болашақ агрономдар, мал дәрігерлері, зоотехниктер біз сияқты өндірістің жүйелерін оқымайды. Олар ғарыштың мониторингін сараптайды. Соның геожүйесін қалай қолдану керек, соның бәрін біледі. Біз де соған келуіміз керек. Үлкен лаборатория ашылды. Оған Қазақстан ғарыш сапары үлкен үлес қосты.

Дереккөз: 24.kz

26 қараша 2015, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.