Атырау, 13 қаңтар 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Қазақстанда "Протонның" құлауынан келтірілген зиянды қарастыратын жоспар бекітілді

2 400 рет қаралды

2013 жылғы шілдеде орын алған "Протон-М" зымыран-тасығышының апатынан келтірілген зиянды анықтау бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай әдісін бекіту мәселесі қарастырылатын жоспар бекітілді.

АСТАНА, 26 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. 2013 жылғы шілдеде орын алған "Протон-М" зымыран-тасығышының апатынан келтірілген зиянды анықтау бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай әдісін бекіту мәселесі қарастырылатын жоспар бекітілді.

2013 жылғы 2 шілдеде үш "Глонасс-М" серігі бар зымыран-тасығыш бағытынан ауытқып, "Байқоңыр аумағына құлады. Қазақстан апат зиянын 13,6 миллиард теңгеге бағалаған.

"Ағымдағы жылдың қазан айында тараптардың уәкілетті органдары бірлескен іс-қимылдар жоспарын бекітті. Оның аясында зиянды анықтау бойынша бірыңғай әдіс бекіту мәселесі талқыланатын болады", — делінген министрліктің Қазақстан жаңалықтары агенттігінің сауалына берген жауабында.

Дереккөз/фото: newskaz.kz

26 қараша 2015, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.