Атырау, 8 қазан 23:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Астана Мәскеу мен Анкараны ұстамдылық танытуға шақырады

1 746 просмотра

Қазақстан Ресей мен Түркияны ресейлік СУ-24 ұшағы бойынша қайғылы оқиғаға қатысты ден қоюда ұстанымдылық танытуға шақырады, делінген республиканың сыртқы саяси ведомствосының мәлімдемесінде.

АСТАНА, 2 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Ресей мен Түркияны ресейлік СУ-24 ұшағы бойынша қайғылы оқиғаға қатысты ден қоюда ұстанымдылық танытуға шақырады, делінген республиканың сыртқы саяси ведомствосының мәлімдемесінде.

"Ресей және Түрік тараптарын аталған қайғылы оқиғаға қатысты ден қоюда ұстанымдылық білдіруге және жағдайды өршітіп алмау үшін барлық іс-шаралар мен байланыс жолдарын пайдалануға шақырамыз", — делінген СІМ-нің мәлімдемесінде.

Мәлімдеге сәйкес, 2015 жылғы 24 қарашада Ресейлік ӘҒК-нің Су-24М ұшағын атып түсіру қайғылы инцидентіне қатысты жағдай өкініш туғызады. "Осы оқиға салдарынан ресейлік әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңілімізді білдіреміз", — деп атап көрсетілген құжатта.

Қазіргі уақытта терроризмге қарсы халықаралық күрес жүргізілуде. Бұл бағытта Ресей де, Түркия да әрекет етуде. Қазақстан да бұл күресті қолдайды.

"Осымен қатар, көп жылдар бойы қалыптасқан Ресей-Түрік қатынастарының нашарлауы қатты алаңдаушылық туғызады. Осы оқиға антитеррористік кампанияның тиімділігіне әсер етуі мүмкін", — деп көрсетілген Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының хабарламасында.

Дереккөз/фото: newskaz.kz

25 қараша 2015, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.