Атырау, 28 қараша 10:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жамбыл облысында АН-2 ұшағының апат болуының себебі экипаж бен авиакомпания директорының қате әрекеттерінен болды – прокуратура

2 063 просмотра

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – «Olimp Air» ЖШС-ке тиесілі Ан-2 ұшағының 20 қаңтарда Жамбыл облысында апатқа ұшырау себебі экипаж бен авиакомпания директорының қате әрекеттерінен болды, деп мәлім етті ҚР бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығындағы тергеу тобымен 2015 жылы 20 қаңтарда Жамбыл облысы «Шатыркөл» кеніші ауданында орын алған «OLIMP AIR» ЖШС-нің (әрі қарай - Әуекомпания) «Ан-2П» маркалы ұшағымен, бортта болған 6 адам қаза табуымен ұштасқан әуе апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бір жолаушы ауыр дене жарақаттарымен тірі қалды.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің ведомстволық Комиссиясымен (әрі қарай - Комиссия) бірлесе және тәуелсіз әуемамандарды тарту арқылы апаттың барлық мүмкін болжамдары тексерілді.

Анықталғандай, апаттың орын алуына – экипаждың метерологиялық көрінуінің нашарлауы (тұман) жағдайында ұшу кезіндегі бұрыс әрекеттері және жер бағдарларын көруге мүмкіншілігі болмай, ең төмен ұйғарынды қауіпсіз ұшу биіктігін сақтамау жағдайлары себеп болған. Ұшу биіктігін өлшейтін радиобиіктікті өлшегіш сөндірулі болған.

Апатқа әкеліп соққан әуе кемесін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзған (ҚК 344 б. 3 бөлігі) ұшу экипажының мүшелеріне қатысты қылмыстық қудалау олардың қайтыс болуларына байланысты қысқартылды.

Сонымен қатар, жиналған мәліметтер экипаждың әрекеттері және ұшу мен Әуекомпаниясының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмау сияқты тіке себеп-салдар байланысында екенін көрсетті.

Жұмыстың осы саласына жауапты Әуекомпанияның директоры болып табылды.

Апат болатын күні экипаж ұшуға заңсыз жіберілген, өйткені оның бір мүшесі ресми түрде құқығын жоғалтқан (әуе кемесінің түрі және рейтингі бойынша мерзімі аяқталған).

Бұдан басқа, Әуекомпания директоры белгіленген тәртіпті бұзып, екі ұшқыштың жыл сайынғы медициналық тексеруден және міндетті түрде шынығу дайындықтарын өтулерін қамтамасыз етпеген.

Сонымен қатар, жіктелмейтін уақытша аэродромдардың және отыру алаңдарын есептеу бойынша Ережелерін бұзып, Әуекомпанияда «Шатыркөл» кеніші ауданында қауіпсіз ұшу үшін ұшқыштарға керек нұсқаулық (бағдар, отыру нұсқалары және т.б.)әзірленбеген.

Тергеудің Әуекомпания басшылығының ұшу қызметіне бақылауының болмауы туралы тұжырымы Комиссияның түпкілікті есебімен расталады.

Осыған байланысты, әуе көлігін пайдалану және қозғалу қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны (ҚК 344 бабының 3 бөлігі), сонымен бірге абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлігін басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені басқаруына жол бергені (ҚК 359 бабының 4 бөлігі) үшін Әуекомпания директоры күдікті ретінде танылды.

Үстіміздегі жылдың 25 қарашада ҚР ҚПК-нің 305 бабына сәйкес ол сотқа беріліп, қылмыстық іс Жамбыл облысы Шу аудандық сотына мәні бойынша қарауға жолданды, делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарында. .

Еске салсақ, 20 қаңтар күні Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кенішінің маңында көз көрерлік төмен жағдайда (тұман) бола тұрып қонуға бет алған кезде «Балқаш-Шатыркөл» бағыты бойынша ұшып келе жатқан Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 7 адам болған, соның ішінде экипаждың 3 мүшесі бар. Бүкіл экипаж және 3 жолаушы, «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері, қаза тапты, компанияның тағы бір қызметші әйелі тірі қалды. Қазіргі таңда ол Астанадағы ауруханада жатыр. Оқиғаны үкіметтік комиссия тергейтін болады. ҚР ҚК 344 бап 3 бөлімі бойынша с отқа дейінгі тергеу басталды.

1973 жылы шыққан ұшақ «Олимп Эйр» ЖШС (тапсырыс беруші «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Балқаш түрлі-түсті металл» ӨБ) компаниясына тиесілі. 2002 жылы ұшақ Ақтөбедегі әуежөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен және 2007 жылы оны «Қазақмыстан» әлгі компания сатып алған. «Олимп Эйр» Қарағандыда 2001 жылдан бері жасап келеді және жеке тасымалдармен айналысады. Компанияның әуе паркі 5 ұшақтан тұрады.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 қараша 2015, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.