Атырау, 28 қараша 10:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Биыл мұнай-сервистік компаниялардың штаты 40 мың адамға дейін қысқаруы мүмкін

1 732 просмотра

Image 0Фото: kmg.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл мұнай-сервистік компаниялардың штаты 40 мың адамға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында еліміздің Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

«Ағымдық шығыстар деңгейі, яғни сервистер, жалақылар 2015 жылы 31 пайызға төмендейді. Салық төлемдерінің, оның ішінде пайдалы қазбаларды өңдіру салығы, корпоративтік табыс салығының төмендеуі болжануда», - деді ол.

Сондықтан да оның атап өтуінше, министрлік елімізідң Мұнай-сервистік компаниялары қауымдастығымен тығыз жұмыс істеуде. Өйткені, 2015 жылдың ішінде серистік қызметтер көлемі 25 пайызға қысқармақ.

«Егер бұл жайт келер жылы да жалғасын табатын болса, онда қысқару тәуекелі аясына шамамен 40 мың адам тап болады. Яғни, мұнай бағасындағы ахуал діл осылай жалғаса берсе. Бұл - сервистік компанияларға қатысты жайт», - деді В.Школьник.

Дереккөз: inform.kz

23 қараша 2015, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.