Атырау, 28 қараша 10:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Досаев: "Нұрлы жол" жобалары өңірлерде баяу қарқынмен іске асырылуда

1 628 просмотра

Image 0Фото: www.primeminister.kzТөмен деңгейде игеру Ақмола (57%), Павлодар (66%), Қостанай (40%) облыстарында, Алматы (43%) және Астана (13%) қалаларында байқалады.

АСТАНА, 23 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы жобалары бойынша бірқатар өңірлерде, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында қаражатты игеру төмен деңгейде, деп мәлімдеді Қазақстанның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

"Төмен деңгейде игеру Ақмола (57%), Павлодар (66%), Қостанай (40%) облыстарында, Алматы (43%) және Астана (13%) қалаларында байқалады. Бұл байқау рәсімдерін кеш мерзімде өткізумен байланысты. Атқарылған жұмыстар актілеріне уақытында қол қоймау да себеп болған", — деді Досаев үкімет отырысында.

Сонымен, оның айтуынша, Ақмола облысында "Есіл қаласында жылу желілерімен орталық қазандық құрылысы" жобасы бойынша байқау рәсімдері бірнеше рет тоқтатылған, жобаны іске асыруға 1,8 миллиард теңге аударылған. Жобаны іске асыруды тоқтатуға байланысты 883 миллион теңгені Көкшетау қаласы бойынша басқа жобаларға қайта бөлуге тура келген.

Дереккөз: newskaz.kz

23 қараша 2015, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.