Атырау, 28 қараша 10:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Медицина саласында маман даярлау сапасы қайта қаралатын болады - Т.Дүйсенова

1 985 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина саласында маман даярлау сапасы қайта қаралатын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен кездесуде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Айта кетерлігі, кездесу барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімідегі медицина саласына мамандар даярлаудың сапасын сынға алып, жоғары оқу орындарын тәмамдаған мамандар даярлығы төмен екенін, олар ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне залалын да тигізіп жатқанын айтқан болатын.

«Біз орталық буындағы дәрігерлердің жетіспеушілігін, соңғы жылдары даярланған жалпы тәжірибе дәрігерлерінің білімі төмен екенін мойындаймыз. Осыған байланысты біз жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлау мәселесін қайта қарастыратын боламыз», - деді «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстырған министр Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, мамандандырылған медициналық көмек деңге йінде педиаторлар тапшылығы мәселесін шешу үшін резидентура деңгейінде осы мамандарды даярлауға гранттар бөлінетін болады.

«Бұдан бөлек, орталық буынды дамыту аясында бірқатар функциялар біртіндеп арнайы даярланған жалпы практикадағы медицина бикелеріне берілетін болады. Осы мақсатта медбикелерді даярлаудың финдық үлгісі енгізілмек. Онда даярлаудың үш деңгейі қамтылады. Мәселен, еліміздегі колледждер арасынан медбикелер даярлаудың жоғары мектептері, білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады. Бұл мектептердің түлектері медициналық көмек көрсетумен тікелей айналысады. Ал бүгінгі күні бакалавр деңгейінде оқытып, медбикелер даярлап жатқан жоғары оқу орындарында негізінен ғылыммен, әкімшілік жұмыстармен айналысатын медбикелер оқытылады. Әлемдік тәжірибе осындай, біз де соған көшуге тиіспіз», - деді Т. Дүйсенова.

Дереккөз: inform.kz

20 қараша 2015, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.