Атырау, 8 қазан 21:42
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Қазақстанға келді

1 888 просмотра

Image 1Фото: Қазақстан жаңалықтарыАуғанстан президенті Ашраф Ғани бүгін ресми сапармен Қазақстанға келді. Ғани Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кездеседі.

Осы аптада Ашраф Ғанидың сапарына қатысты түсінік берген Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев кездесуде екі ел басшылары аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды деген. Бұған қоса кездесуде екі жақты қарым-қатынастар да талқыланбақ.

Бүгін бұған қоса қазақстан-ауғанстан бизнес форумы да өтеді деп жоспарланған.

Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 200 миллион доллардан асқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Астана Кабулге гуманитарлық көмек ретінде 20 мың тоннадан астам азық-түлік жөнелткен және 20 мыңға тарта ауғанстандық студент Қазақстан университеттерінде тегін оқып жатыр.

Астанада өтетін екі жақты келіссөз қорытындысы бойынша экономикалық салаларға қатысты бірнеше келісімге қол қойылады деп жоспарланған.

Дереккөз: azattyq.org

20 қараша 2015, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.