Атырау, 8 қазан 21:49
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Жаңа жылдан бастап елімізде көрсетілетін шетелдік арналар жабылуы мүмкін

4 193 просмотра

Жаңа жылдан бастап елімізде көрсетілетін шетелдік арналар жабылуы мүмкін. Себебі мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң, шетелдік арналардың ел аумағында жарнама таратуына тыйым салады деп хабарлайды 31 арна.

Шетелдік арналардың Қазақстан аумағында жарнама таратуына тыйым салу туралы бастама бір жыл бұрын дәстүрлі медиа құрылтайда айтылған. Биылғы БАҚ өкілдерінің басқосуында аталған мәселе шешімін тауып, жаңа заңның күшіне енетіні белгілі болды.

“1 қаңтардан бастап шетелдік телеарналарда, Қазақстанда жария ететін телеарналарда жарнамаға тыйым салынғаннан кейін кем дегенде қазақстандық телеарналарға қосымша 3-4 миллиард теңге түседі. 3-4 миллиард теңге дегеніміз не? Ол кем дегенде 1000 сағат телесериал", – дейді “31 арнаның" бас директоры Бағдат Қожахметов.

Былтыр Ресей мемлекеті 1800 сағаттық телесериал түсірсе, Қазақстан 200 сағат қана сериал түсірген. Телеарна басшысы жарнамадан бөлек, мемлекеттік тапсырыс туралы да өз ойын білдірді. Отандық ақпарат құралын мемлекет қолдамаса, өзге елден қолдау тауып, өзге елдің ықпалына түсуі мүмкін дейді. Ал шулы мақалаларымен танымал Рател.кз порталының редакторы бұл пікірмен келіспейді.

“Мемлекеттік тапсырыс туралы айтсақ, меніңше жойылсын деп айтамын. Өйткені ақпарат құралдары мүгедек сияқты болып жүр. Биліктің аузына қарап, қолына қарап, мемлекет береді ме, бермейді ме деп", – дейді Ratel.kz порталының бас редакторы Марат Асипов.

Яғни, Марат Әсіпов мемлекеттік тапсырыс ақпарат құралдарын сөз бостандығынан айырады деген қауіпте. Бүгінде көптеген телеарналар мен басылымдар мемлекет бөлетін қаржыға тікелей тәуелді екені ақиқат. Алайда келер жыл басында күшіне енетін жарнама туралы заң отандық медиа нарыққа біраз өзгеріс әкелері анық.

Дереккөз: nur.kz

20 қараша 2015, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.