Фото: ria.ruАстана. 19 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025 жылға қарай жылына 5 «Протон» ғана ұшырылатын болады, ал 2030 жылы отын ретінде гептил пайдаланатын зымырандардың ұшырылуына тыйым салынады, деп уәде етті ҚР инвестиция және даму министрлігінің аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаев.
«Ұшырылудың қысқарту кестесі бекітілді (Байқоңырдан гептил пайдаланып ұшырылатын зымырандар – ҚазТАГ). Қазір біз «Байқоңырдан» жылына 15 «Протон» ұшырамыз. 2025 жылға қарай жылына 5 ұшырылу болады да 2030 жылы біз «Протон» ұшырылуын мүлдем тоқтатамыз деп үміт етеміз. Яғни «Байқоңыр» ғарыш айлағында улы отын пайдаланатын бір де қондырғы қалмайды. Мен қызметімде (Қазғарыш басшысы – ҚазТАГ) қалатын болсам, мен оған уәде етемін, және оған дейін тірі болсақ», - деді Т. Мұсабаев бейсенбі күні ҚР Ұлттық мұражайында оқушылар мен студенттермен кез десуінде.
Бұл ретте ол Қазғарыш басшылығына келе сала гептил және амил тотықтырғыштармен ұшатын зымырандардың «Байқоңырдан» ұшырылуына қарсылық танытып келгенін жеткізді.
«Мен оған қарсы шыққаным соншама, Ресейде де «Пртон» ұшырылуына қарсылық танытып, Қазақстан екі рет Ресей СІМ-нен наразылық нотасын алды. Ал қазір онда мені зиянкес деп те таниды. Мен Қазақстанның экологиясы үшін күрестім. Ал менің мынау микрофонмен жүргендер (журналистер – ҚазТАГ) адамдарды арандатып, мен гептилды таратып жүр деп жазыпты. Соншама сорақы ойлауға болады екен да!», - деп мәлім етті Т. Мұсабаев.
Оның айтуынша, оның басшылығындағы Қазғарыш гептилмен ұшатын төрт зымыранның үшеуіне тыйым салды, оның ішінде «Циклон» мен баллистикалық «РС-20» зымырандары да бар. Ұшырылу тізімінде тек «Протон» ғана қалды. Т. Мұсабаевтың айтуынша, «Протонсыз» «Ресейдің бүкіл ғарыш саласы шөгіп қалады».
Дереккөз: ҚазТАГ