Фото: caravan.kzАстана. 19 қараша. ҚазТАГ- Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда «А» корпусының мемқызметкерлері, депутаттар мен судьялар шығын көздерін көрсететін болады, деп хабарлады президент көмекшісі, ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев.
«Қаржылық қадағалау шаралары күшейтілді. Егер бұған дейін квазимемлекеттік сала субъектілері мен лауазымды тұлғалар тек кірістері туралы мәлімет берсе, енді декларацияда олардың жұмсалу көздері де көрсетілетін болады», - деді Е.Ермекбаев бейсенбіде ТМД-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша мемлекетаралық отырыста.
«Бұл ретте, «А» корпусының саяси және әкімшілік қызметкерлері, парламент депутаттары мен судьялары, квазимемлекеттік саланың басқарушы тұлғалары ұсынған шығындары туралы ақпараттар міндетті түрде жарияланатын болады», - деп толықтырды ол.
Дереккөз: ҚазТАГ