Атырау, 28 қараша 09:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстандықтардың қаржы сауаттылығы ресейліктерден жоғары екені анықталды

2 466 просмотра

Қазақстанда тұратын ересектердің 40 пайызында қаржы сауаты бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Standard & Poor's агенттігінің зерттеуіне сілтеме жасап. Дәл осындай көрсеткішке Бахрейн, Кения, Сенегал, Танзания, Замбия мен Украина ие болды.

Айта кетейік, Standard & Poor's мәліметтері бойынша, ҚР ЕАЭО елдері бойынша өз серіктестерін артта қалдырды - Ресей мен Беларусті. Бұл елдердегі көрсеткіш - 38 пайыз. Орта Азия бойынша Қазақстаннан Түркменстан ғана асып түсті, бұл елдегі көрсеткіш 41 пайыз деп танылды. Өз кезегінде Өзбекстанның көрсеткіші - 21, Қырғызстан - 19, Тәжікстандыкі 17 пайызға тең. Көшбасында Дания, Норвегия мен Швеция тұр. Бұл елдердегі халықтың қаржы сауаттылығы 71 пайызды көрсетті.

Халықтың қаржы сауаттылығы сауалнама арқылы анықталды, оған 150 мың ересек адам қатысты, зерттеу 140 елде 2014 жыл бойы жүргізілді. Қарапайым адамдарға пайыз мөлшерлемесі, олардың өсімі, инфляция және қауіп-қатерлі әртараптандыру туралы сұрақтар қойылды. Жалпы, әлем бойынша орта есеппен адамдардың үштен бір бөлігінде ғана қаржы сауаты бар болып шықты.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қараша 2015, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.