Атырау, 28 қараша 09:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Астанада Ресейдің Бас прокуроры Әблязовті экстрадициялауға қатысты пікірін айтты

1 083 просмотра

Астанада Ресейдің Бас прокуроры Әблязовті экстрадициялауға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол Қазақстанға экстрадицияланғалы жатқан жоқ. Егер ол экстрадицияланатын болса, тек Ресей Федерациясына. Біз көп нәрсе істедік, соттың барлық инстанциясынан өттік. Біздің позициямыз Әблязовті Ресейге экстрадициялау болды. Біздің позицияны Франция үкіметі қолдады. Қазір Мемлекеттік кеңес деңгейінде саяси шешім болуы керек. Егер ондай шешім шықса, ол Ресейге экстрадицияланады. Оған Ресей Федерациясында айып тағылады. Ол Ресей аумағында қылмыс жасады: бірнеше миллиард долларды жымқырды - РФ қаржысын", - деп жауап берді Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына Юрий Чайка (суретте) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мемлекетаралық кеңесі отырысының кулуарында.

Отырыс бүгін Астанада Қазақстан, Ресей мен Беларусь құқық қорғау органдарының қатысуымен өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің Ресейге экстрадицияланатыны және мұндай шешімді Франция сотының қабылдағаны хабарланған болатын. Экс-банкирді Ресейге экстрадициялау туралы құжатқа 17 қыркүйекте Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қол қойды. Әблязов бұл шешімге жоғары әкімшілік инстанция - Францияның мемлекеттік кеңесінде шағым келтіруге құқылы. Кейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Әблязовті Ресейден немесе Украинадан қайта экстрадициялау жөнінде ешқандай келіссөздердің жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді.

Дереккөз/фото: tengrinews.kz

19 қараша 2015, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.