Фото: kapital.kzҰлттық банк төрағасы бүгін доллар бағамына қатысты өз болжамын айтты. Данияр Ақышевтің бас банкир ретінде жасаған алғашқы мәлімдемесі оптимизмге толы деп хабарлайды КТК арнасы.
Қазіргі бағамның тұрақты екеніне уәде берген бас банкир дедолларизация мен 20 мың теңгелік купюраны шығару мәселесіне де тоқталды. Қазір бұл шаруа қызу талқыланып жатыр екен. Әзірге жаңа ақшаның қашан шығары белгісіз.
“Теңге бағамына Ұлттық банктың араласпайтынын білесіздер. Бірақ, көк қағаздың бірден қымбаттап кетуіне жол бермейміз. Ал теңгеге сенімді күшейту үшін,алдымен Ұлттық банктің халық алдында беделін көтеру керек. Сондықтан біздің есік ашық. Жұрттың сұрақтары болса біз барлығына жауап беруге, бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз", – деді Ұлттық банк төрағасы.
Дереккөз: nur.kz