Атырау, 28 қараша 09:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Үкімет жылдық инфляция деңгейін ұлғайтты

1 860 просмотра

Қазақстан үкіметі 2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция шегін 6-8 пайыздан 8-10 пайызға дейін ұлғайтты. Бұл туралы бүгін сенатта 2016-2018 жылға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.

18 қарашада ұлттық банктің жаңа төрағасы Данияр Ақышев 2015 жылдың қорытындысы бойынша инфлиция шегі болжанған 6-8 пайыздан асып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Ресми мәлімет бойынша, биыл қазан айында инфляция деңгейі 2014 жылдың қазанымен салыстырғанда 5,2 пайыз, 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,2, ал жылдық шекте 9,4 пайыз болған.

Дереккөз/фото: azattyq.org

19 қараша 2015, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.