Атырау, 28 қараша 09:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Досаев: Қазақстан жылдық бюджетке көшпейді

2 174 просмотра

Қазақстан Ресей секілді жылдық бюджетке көшпейді деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

АСТАНА, 19 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Ресей секілді жылдық бюджетке көшпейді деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Бейсенбіде сенатта «2016 — 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов қазіргі экономикалық ахуалға байланысты үшжылдық бюджеттен бас тартып, біржылдық бюджетке көшу мәселесін көтерген болатын.

"Бүгінгідей қиын кезеңде, бюджетті қайта қайта нақтылап жатқан шақта, келешекте не болатыны белгісіз уақытта үш жылдық бюджетті жоспарлаудың қажеті қанша? Біз бұған дейін де бір жылдық бюджетті жоспарлап келдік қой. Біз тіпті келесі жылы да не болатынын білмейміз, ендеше үш жылға барудың маңызы не?"- деді Айтаханов ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа.

"Біз Ресей секілді ешқандай да санкциялардың астында қалған жоқпыз. Сонымен бірге, біздің инвестициялық жобаларымыз бір жылдың межесінен асып кетеді… Басқа экономикалық ахуал туса, онда көреміз. Алайда, бүгін Үкімет резерві бар, Ұлттық Қор бар оған қайта келудің қажеті шамалы. Әрине, қиыншылықтар бар шығар, алайда бір жылдық бюджетке көшуді қолдамаймыз», —деді Досаев.

Дереккөз: newskaz.kz

19 қараша 2015, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.