Атырау, 19 мамыр 01:15
 бұлттыВ Атырау +24
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

«ҚазМұнайГаз» 206 компаниядан тек 75-ін қалдыру шешімін жасады - Ө. Шөкеев

1 514 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» құрамындағы 75 компанияны қалдыру шешімін жасады. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«ҚМГ-де («ҚазМұнайГаз») 206 компаниядан тек 75-ін қалдыру шешімін жасады. «Қайта өңдеу және маркетинг» бағыты толықтай, яғни барша МӨЗ-дер мен жанармай құю стансалары желілерін қоса отырып, «ҚМГ - қайта өңдеу және маркетингтің» 51 пайызын сату жолымен жекешелендіріледі»,-деді басқарма төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар «Rompetrol» компаниясын қоса отырып, «KMG International» компаниясының 51 пайыздан кем емес деңгейін сатуға қою ұсынылып отыр.

Дереккөз: inform.kz

18 қараша 2015, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.