Қазақстанның дипломатиялық елшіліктерін қысқарту қажет деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
АСТАНА, 18 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның дипломатиялық елшіліктерін қысқарту қажет деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
"Біз әлемдік саясат пен дипломатияны айқындайтын держава емеспіз. Қай елге барсаң да, елшілер немен айналысатындығын білмейді.Өз істерін, экономиканы тіпті де білмейді. Сондықтан да бағдар мынадай болуы керек. Бұл жайында біз министрлік кездесулерінде, алқа мәжілістерінде айтатын боламыз. Барлық жерде қажет болсын, болмасын елшіліктер негізсіз ұлғайтылған. Министрлікте мұндай елшілер қаншама? Ал біздергі қазіргі уақытта мұның қажеті жоқ", — деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы біздерге қазіргі уақытта Қазақстанның мүддесі бар жерлерде қана өкілдік қажет екенін айтты.
Дереккөз/фото: newskaz.kz