Атырау, 28 қараша 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ақышев таяу уақытта теңге бағамының айтарлықтай өзгерісін күтпейді

2 148 просмотра

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев таяу уақытта ұлттық валюта бағамының айтарлықтай өзгерісін күтпейді.

АСТАНА, 18 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев таяу уақытта ұлттық валюта бағамының айтарлықтай өзгерісін күтпейді.

"Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге паритеті нақты ағымдағы көрсеткіші есебі арқылы, яғни, инфляцияны ескере отырып қол жеткізілді. Яғни, біз 2014 жылдың басындағы мұнай бағасы құлдырап, ресейлік рубль девальвацияға ұшыраған кезге жеттік. Таяу аралықта бағамның айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоюы неғайбыл", — деді Ақышев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында.

Оның ойынша, теріс сценарийлердің басым бөлігі орын алып болды. Яғни, мұнай бағасы екі еседен астамға құлдырады, рубль құны түсті. "Таяу аралықта сыртқы конъюнктураның айтарлықтай нашарлауы байқалып отырған жоқ".-деп атап айтты ұлттық банк басшысы.

"Біз іргелі трендтерге араласпайтын боламыз. Яғни, егер мұнай бағасы барреліне 40 доллардан төмендейтін болса, онда бағам түзетілетін болады", — деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

«Біз қоғамға нарықтағы ахуалды түсіндіретін боламыз. Бұған қоса, ағымдағы жағдайда айырбас операцияларынан алаяқтық табыс алудың өзі күдік тудырады. Тіпті, ұтылып қалуға да болады», — деп қорытындылады Ұлттық банк басшысы.

Дереккөз/фото: newskaz.kz

18 қараша 2015, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.