Атырау, 28 қараша 09:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ақмола облысының әкімі Калачи тұрғындарымен дөрекі сөйлескенін мойындады

1 657 просмотра

Image 0Forbs.kz.Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин атышулы Калачи ауылының көшкісі келмейтін тұрғындарына дөрекі сөйлегені дұрыс болмағанын мойындады.

Бұл туралы “Қазақстан жаңалықтарына" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

2015 жылдың басынан бері облыстық билік Калачи ауылының тұрғындарын Ақмола облысының өзге қалалары мен ауылдарына көшіруге кірісті. Қазіргі уақытта шамамен 140 отбасы Калачи ауылынан көшуге қарсылық білдіруде. Ал бұған дейін Кулагиннің көшуге қарсылық білдірген тұрғындарға ендігі шағымданатын болса, орындарына қоятынын айтқан аудиожазбасы жарияланған болатын.

“Кездесуге келетін болсақ, бұл нағыз арандату болатын. Дегенмен мен бұлай дауыс көтермеуім керек еді. Ешқандай тіл тигізу болған емес. Ал дауысым басшыға лайық емес деңгейде қатты болған да шығар? Мұндай жағдай ендігәрі қайталанбайды деп ойлаймын", – дейді Кулагин сейсенбі күні Астанадағы баспасөз жиынында.

Калачидің “ұйқы ауруына" ұшырағанына 3-4 жыл болғанын айтқан Кулагин өзінің әкімдікке тағайындалғанына 1,5 жыл ғана екенін алға тартты.

“Адамдар ұзақ уақыт бойы бұл мәселе шешімін таппағанына ызалы… Ол жерге сегіз рет баруым кезінде мен тоғыз ай бойы бір шағымды ғана естіп келемін: “Тым құрымаса балаларды қашан алып кетесіңдер?", “Неге мемлекет шара қолданбайды?". Адамдарды түсінуге болады", – дейді әкім.

Ауылшаруашылық субьектілерін тарта отырып, мәселені шешуге кіріскен Кулагин әр көшірілген тұрғынның жағдайын жасап жатқанын айтты.

“Біз 80 отбасын көшірдік. Бірінші кезекте балалары барлар көшірілді. Ауылшаруашылық өнімдерін шығарушылар бұл міндетті өз мойнына алған кезде әр көшіру шамамен 6-8 млн теңгені қажет етті – көшу, үй бөлу, мал азығын қамтамасыз ету, көмір, кей жерлерге жиһаз дегендей. Пәтерлер ыңғайлы. Біз бірден оларға жұмыс ұсынып, балаларын мектепке орналастырамыз", – дейді Кулагин.

Кейін ауру таралуы бәсеңдей бастап, бизнесті дөңгелетіп отырған кей тұрғындар көшуге қарсылық таныта бастады деген әкім оларға бұл ауру қайта өршімейтініне еш кепіл жоқтығын ескертті.

Ол көшуден бас тартқан тұрғындарға ендігі ауру өршитін болса, еш шағымы болмайтынын растайтын қолхат жазуын сұрады. Алайда тұрғындардың бұған да көнгісі жоқ.

“Мен олардың көшіруді басты міндетім санаймын. Ол жер экологиялық тұрғыдан қауіпті. Егер қайта мәселе туындаса олар тағы шағымданып, көмек сұрай бастайды", – дейді ол.

Кулагин көшкісі келмейтіндерді күштеп көшіру ниеттері жоқтығын да ескертті. Бұл тұрғындардың өз таңдауы дейді әкім.

Дереккөз: nur.kz

17 қараша 2015, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.