2016 жылы Қазақстанда 5 күндік кесте бойынша жұмыс істейтін тұрғындар 4 ай немесе 120 күн демалады.
Жылдың алғашқы айында Жаңа жыл және Рождество мерекелеріне орай қазақстандықтар жалпы есебі 13 күн демалады. Ресми мереке күндері болып 1-2 қаңтар есептеледі, алайда, 2 қаңтар сенбіге сәйкес келгендіктен, 4 қаңтар да демалыс күні болмақ. Рождество мерекесіне байланысты 7 қаңтар күні демалыс беріледі. Бұдан бөлек, 5 сенбі мен жексенбі бар.
Ақпан, сәуір, маусым, қазан және қараша айларында мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан, қызметкерлер тек сенбі және жексенбі күндері демалады. Аталған 5 айдағы демалыс саны 43 күнді құрап отыр.
2016 жылдың наурыз айында 4 сенбі және 4 жексенбі бар. Алайда, бұл айда 8 наурыз және Наурыз мерекелері бар. Осылайша, наурызда халық 12 күн демалады.
Келесі жылы 1 мамырда тойланатын Қазақстан халықтарының бірлігі күні демалыс күніне сәйкес келеді. Сол себепті, 2 мамыр да демалыс күні болып белгіленді. Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) де сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады. Айта кетерлігі, дүйсенбі де Жеңіс күніне тап келгендіктен, 10 мамырда да халық демалатын болады.
Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Демалыстың 10 күні әдеттегідей сенбі және жексенбі күндері болса, 1 күн демалыс 6 шілдеде тойланатын Астана күніне орай беріледі.
Тамыз айында 4 сенбі мен жексенбі бар. Бұған қоса, 30 тамыз күні тойланатын Конституция күнін ұмытпаңыз. Осылайша, жаздың соңғы айында ел тұрғындары 9 күн демалады.
13 қыркүйек күні Құрбан айт мерекесі тойланады және оған 8 сенбі мен жексенбіні қосыңыз. Нәтижесінде, қыркүйек айында қазақстандықтар 9 күн демалыс алады.
2016 жылдың соңғы айында қазақстандықтар 9 күн апта соңындағы демалысын алады. Бұдан бөлек, 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні мен 16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне демалады. 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс 19 желтоқсанға жылжытылады.
Дереккөз: nur.kz