inform.kzВедомствоның мәліметінше, тексеріске Қазақстан әскерінің 100% жеке құрамы тартылады. Оның нәтижелері бойынша әскер түрлері мен тектерінің үздік құралымдары анықталады.
АСТАНА, 16 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2015 оқу жылы бойынша әскерлерді қорытынды тексеру басталды деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, тексеріске Қазақстан әскерінің 100% жеке құрамы тартылады. Оның нәтижелері бойынша әскер түрлері мен тектерінің үздік құралымдары анықталады.
"Іс-шара ауқымды, қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін барлық Қарулы Күштерін қамтиды. Әрбір әскери қызметші өзінің далалық дағдысын, 2015 оқу жылында барлық қол жеткізген жетістігін көрсетеді. Тексеру қорытындысы бойынша біз нәтижелерді анықтаймыз, үздік құралымдар, үздік әскери бөлімдер, үздік әскери қызметшілер айқындалады. Тексеріс атыс даярлығы, жауынгерлік машиналарды жүргізу, дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық даярлық және кәсіби мен командирлік даярлықты міндетті түрде білуіне кіретін қалған пәндер бойынша өтеді. Қорытынды тексеріс жыл сайын, жылына бір рет өткізіледі", — деді ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаменті Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығын есепке алу және бақылау басқармасының бастығы полковник Абай Жұмағұлов.
2015 оқу жылында Қарулы Күштердегі жауынгерлік сайыстың ұраны «Ұлы Жеңіске деген біздің жетістіктеріміз» болып табылғанын айта кетейік. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қорытынды тексеріс 2015 жылғы қараша айының соңыңа дейін жалғасады.
Қорытынды тексерістің нәтижелері негізінде ҚР ҚК әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі мен олардың қойылған тапсырмаларды орындау қабілеттілігін жетілдіру жөнінде әрі қарай бағыттар анықталатын болады.
Дереккөз: newskaz.kz