Атырау, 28 қараша 09:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ахметов сотында экс-әкім Әбдішев жауап беріп жатыр

2 873 просмотра

Image 0Фото: ИА Новости-КазахстанҚарағанды облысының бұрынғы әкімі, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, қызмет өкілетін теріс пайдаланды деген айыппен сотқа тартылып жатқан Бауыржан Әбдішев бүгін сотта жауап бере бастады. Ол "маған жала жабу үшін куәгерлерді қорқытып қойған" деп, өзіне тағылған айыптарды терістейтінін мәлімдеді.

Әбдішев тергеушілер берген айғақтарды "жарамсыз" деп тануды сұрап өтініш берді. Тергеушілер сотқа Әбдішевтің телефонмен сөйлескен әңгімелерін, электрондық почтамен жазысқан хаттары мен кейбір құжаттарды ұсынған. Әбдішевтің пікірінше, бұл айғақтардың барлығы "заңсыз жолмен алынған" және "олардың шынайылығына күмән бар".

- Тергеушілер менің сенімді адамым деп көрсеткен кәсіпкер Сыздықовпен көзбе-көз кездесу біртүрлі өтті. Көзбе-көз жүздесуде ол басқа нәрсе айтты, ал мен шығып кеткеннен кейін басқа нәрсе айтқан. Сыздықов менің сенімді адамым емес. Тыңдалған телефон әңгімелерінде менің осы іске қатысы барлармен және куәгерлермен сөйлескен бірде-бір әңгімем жоқ. Электрондық хат-хабар алмасқандарым да заңсыз жолмен алынған. Неге алмасылған хат-хабарды менен алмай, кәсіпкер Сыздықовтан алған? Мұнда бұрмалаушылықтар бар, - деді Әбішев.

Бұған айыптаушы жақ қарсылық білдіріп, судьядан Әбдішевтің "бұрмалаушылық" және "заңсыз айғақ" деген мәлімдемесін жоққа шығаратын жазбаша құжат даярлауға уақыт беруін сұрады.

Тергеу мәліметтері бойынша, Әбдішев Қарағанды облысында құрылған «ЕвроСтандарт - Караганда» кәсіпорнынан пайда көрген. Әбдішев мұны жоққа шығарып, кәсіпорын қала игілігі үшін құрылғанын, жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджет салық есебінен толыға түскенін айтты.

Экс-премьер Серік Ахметовтің ісі бойынша сотқа тартылған 21 адамның бірі Бауыржан Әбдішев Қарағанды қаласы мен облысының әкімі, қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болған. Ол 2014 жылдың қыркүйегінен бері қамауда отыр.

Дереккөз: azattyq.org


16 қараша 2015, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.