Туристік операторларға азаматтық авиация комитетінен Мысырдағы тұрақсыз жағдайға байланысты (Қазақстаннан) ұшырылымдарды тоқтату туралы телефонограмма келді.
АСТАНА, 13 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның инвестиялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті туристік операторларды Мысырға ұшырылымдардың тоқтағаны туралы хабарландырды, соған байланысты қазіргі уақытта осы елге туристер жіберілмейтін болды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығы президенті Әсел Нүркебаева.
"Туристік операторларға азаматтық авиация комитетінен Мысырдағы тұрақсыз жағдайға байланысты (Қазақстаннан) ұшырылымдарды тоқтату туралы телефонограмма келді. Бұл мәселе бұдан бұрын талқыланған болатын, дүйсенбіден бастап іс қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты болады", — деді Нүркебаева телефон арқылы.
Оның айтуынша, рейстер "Когалымавиа" ұшағы апатының себептері нақты анықталғанша тоқтатылады.
"Мысыр және Ресей биліктерінен бұл лаңкестік екендігі немесе еместігі туралы жүз пайыз мәлімет әзірге түскен жоқ. Егер лаңкестік еместігі анықталса, рейтер қайта жаңғыртылады", — деп қосты ол.
Дереккөз: newskaz.kz