Атырау, 28 қараша 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Күзгі әскерге шақыру қорытындысында әскерилер қатары 12 мыңнан астам қазақстандықтармен толықты

3 858 просмотра

Image 0Көрнекі сурет.Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Күзгі әскерге шақыру қорытындысында әскерилер қатары 12 мыңнан астам қазақстандықтармен толықты, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Күз-2015» шақыру кампаниясы аяқталды. Шақырылуға жататын 18 бен 27 жас аралығындағы бозбалалардың жалпы санынан, бұл дегеніміз 12 000-ға жуық, шамамен 4000-ы ҚР Қарулы Күштерінің әскерлеріне мерзімді қызмет өткеруге жіберілді», - делінген қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған хабарда.

«Ағымдағы жылғы қазанның 20-ы мен қарашаның 7-і аралығында жас толықтыруды Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне шақыру өтті. Жыл сайын шақыру сапасы жақсарып келеді. Денсаулық жағдайы бойынша барлық бозбалалар әскери қызметке жарамды. Жас балалардың 30%-ы жоғары білімі, 70%-ы орта-арнаулы білімдері бар деп хабарлады ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Үсербаев. ҚР ҚМ әскери бөлімдері Қазақстанның барлық өңірінде орналасуына байланысты жас толымды жасақтау бұрынғы дай эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылды. Бүгінгі күні Қарулы Күштердің барлық шақырылушылары қызмет өткеру орындарына келді. Жөнелту алдында жас толықтыруға дәстүрлі шығарып салу ұйымдастырылды, ал қызмет өткеру орындарында оларды жаңа жағдайға бейімделуге көмектесетін және мерзімді қызмет өткеру барысында әскери іске оқытып-үйрететін болашақ командирлер, офицерлер салтанатты түрде қарсы алды. Бастапқы әскери дайындық бағдарламасы аяқталысымен бозбалаларды әскери ант, ал содан кейін әскери қызмет өткеру үшін тиісті лауазымдарға тағайындалу күтіп тұр. Полковник Амантай Үсербаевтің айтуынша, әскери ант – ол шақырылушы үшін айрықша жөн-жоралғы және маңызды сәттердің бірі. Іс-шара салтанатты жағдайда өткізіледі, шақырылушылардың ата-аналары мен туған-туысқандары олардың ұлы немесе інісі әскери борышын өткеретін әскери бөлімді аралап шығуына құқылы. Бір жылға қызмет өткеру орны ҚР Қарулы Күштерінің әскерлері болатын 4000 шақырылушымен қатар 2000-ға жуық қазақстандық осы күзде ҰҚК-нің Шекара қызметіне, 6500-ден астамы ІІМ-нің Ұлттық ұланына және 300-ге жуығы Мемл екеттік күзет қызметіне қызмет етуге аттанатынын айта кеткен жөн.

Дереккөз: КазТАГ

13 қараша 2015, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.