АСТАНА, 12 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, жер учаскесін мақсатты пайдалану ресімдерін жеңілдету бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: newskaz.kz