Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Заңға сәйкес, жергілікті полиция басшылығына кандидатты ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттарының келісімін алу керек болады. Сонымен бірге, заңда жергілікті полиция басшысы әкімдік пен мәслихат алдында және жылына бір рет халық алдында есеп беретіні жазылған.
Бұған дейін парламент сенаты депутаттары заң жобасына жергілікті полиция басшысын тағайындау және қызмет мерзімін ұлғайтуға қатысты түзетулер енгізген.
Дереккөз: azattyq.org