Атырау, 28 қараша 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәсімов: Қазақстан мен Ресей Ұлттық банктері бағам саясатын келісе отырып жүргізуі мүмкін

1 489 просмотра

Ресей мен Қазақстан орталық банк деңгейінде бағам саясатын келісе отырып жүргізу мәселесін талқылап жатыр деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов РИА Новостиге.

Бұл туралы “Тоталға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Қазір екі орталық банктер арасында бағам саясатын келісе отырып жүргізу талқылануда», – деді Мәсімов.

Премьер-министр қазақстандық тауар өндіруші өнеркәсіптер «тоқтап қалғанда» көрші елдің Орталық банкі инфляциялық таргеттеуге көшкенін алға тартты. Тамыз соңында Қазақстанның Ұлттық банкі инфляциялық таргеттеуге көшетінін мәлімдеді.

Ақыры бірнеше күн ішінде теңге бағамы кемінде 30%-ға құлдырады. Өткен апта ҰБ тағы да мәлімдеме жасап, реттеуші биржаға тек жағдай ушықса ғана араласатынын айтты. Бірнеше күн ішінде теңге кемінде 10%-ға құлдырады. Соңғы 48 сағатта елдің ұлттық валютасы тұрақтанып қалды.

Дереккөз: nur.kz, фото: kapital.kz


12 қараша 2015, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.