Атырау, 28 қараша 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәжіліс: ЕАЭО аясында көлік құралдарының электрондық паспортын енгізуге бағытталған құжат мақұлданды

2 380 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Келісім 2014 жылдың 15 тамызында Мәскеуде қаласында жасалған.

Заң жобасына сәйкес, көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелері қолданысқа енгізілгенге дейін көлік төлқұжатының бірыңғай нысандары пайдаланылатын болады.

«Келісім бірыңғай кеден аумағында көлік құралдары мен техниканың басқа да түрлерінің еркін айналысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұдан бөлек, паспорттардың бірыңғай нысандарын, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында құрастырылған және тіркелуге жататын көлік құралдарына берілетін электрондық паспорттарды қолдану мәселесін реттейді», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.

Оның айтуынша, аталған келісімді жүзеге асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық паспорттар қолдану жүйесінің тәртібін және көлік құралдары мен басқа да техника түрлеріне берілетін электрондық паспорт құрылымын бекіткен.

Қазіргі таңда бұл келісімді Беларусь елі ратификациялаған, Қырғызстан да осыған қосылып отыр. Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатына жолданады.

Дереккөз: inform.kz

11 қараша 2015, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.