Атырау, 8 қазан 16:47
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Қазақ Елі» киносын түсіру жұмыстары жалғасын табуда

1 263 просмотра

Астана. 10 қараша. Baq.kz – Ұлттық жоба ретінде түсіріліп жатқан «Қазақ елі» киносын түсіру бүгінгі таңда өз деңгейінде, ешбір мәселесіз жүргізілу үстінде. Бүгінгі таңда 250-300-ге жуық маманымыз түсіру алаңдарында жұмыс істеуде, - деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.

– Жалпы, тұтас он сериал бойынша 150 сахналық қойылымдар түсірілу керек болса, бүгінгі таңда оның 70-ке жуығы толық түсіріліп бітті. Ал қазіргі кезде түсіру алаңында 250-300-ге жуық мамандарымыз өз міндеттерін ешбір алаңсыз атқару үстінде. Тіпті, ауа-райының жағдайын мүмкіндігінше өз игілігімізге жарата отырып, түсіру процесін тоқтатпаудамыз, - деді Арман Тұрсынбайұлы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы деп жарияланып, ол мемлекеттік деңгейде атап өтілген болатын. Осыған орай, ел бюджетінен қомақты қаражат бөлініп «Қазақ Елі» деп аталатын кинотуынды түсірілу үстінде.

Дереккөз: baq.kz

11 қараша 2015, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.