2015 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 11646,5 млрд. теңгені құрады.
АСТАНА, 11 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. 2015 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 11646,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,3% азайды деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Ведомствоның мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,5%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 8,7% төмендеді.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-қазанда 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 100,5% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2015 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5320,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 3,8% артық.2015 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2244,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,9% артты.
Дереккөз: newskaz.kz