Атырау, 28 қараша 08:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мемлекеттік сатып алуға абыройсыз қатысқандардың қара тізімі жасалады

2 265 просмотра

Бұл тізімге іліккендер одан кейін сатып алу ісіне қатыстырылмайды.

Бүгін мәжілісмендер тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат мемлекеттік сатып алу үдерістерін жеңілдетіп, саладағы сыбайлас жемқорлық деректерін азайтуды көздейді. Заң қолданысқа енсе, барлық рәсімдеулер электронды форматта жүргізіледі. Атап айтсақ, келісімшарттары, орындалған жұмыс пен қызмет көрсету актілері және шот-фактуралар сандық үлгіде беріледі. «Көз қысты, бармақ бастылықты» болдырмау үшін де қатаң тәртіп бекітіледі. Мысалы, байқауға қатысуға рұқсат берілмеген жағдайда, тапсырыс беруші тарапынан өтініш неліктен мақұлданбағаны жіті түсіндірілуі керек. Ал аталған міндеттер орындалмаса, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Серікжан Қанаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Конкурс пен аукционды өткізу тәртібін жеңілдету көзделген. Жоба бойынша, техникалық өзіндік ерекшеліктерді алдын ала талқылау институты енгізіледі, конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптар арттырылады. Заң жобасы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

Дереккөз: 24.kz

11 қараша 2015, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.