Атырау, 28 қараша 08:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қарағандылық сән агенттігінің директоры 15 жастағы қыз баланы Араб Әмірліктеріне саудалаған

2 027 просмотра

Астана. 11 қараша. Baq.kz - Қарағандылық сән агенттігінің директоры 16-22 жас аралығындағы бойжеткендерді шетелге тән саудалауға жіберіп отырған. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы сән агенттігінің директоры құрықталды. Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес құрықтау операциясы сән агенттігінің директоры Біріккен Араб Әмірлігімен Бахрейнге сән бизнесімен айналысуға жіберілген қыздар ол жақта жыныстық қатынас қызметін көрсетуге итермелеген», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, агенттік директоры 16 мен 22 жас аралығындағы қыздарға «қомақты ақша берем» деп алдап немесе қорқытып көндіріп отырған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 17 қыздың жеке басы анықтаған, олардың жартысы әлі шетелде қалып отыр.
«Жәбірленушілердің арасында 15 жастағы қыз бала да бар. Ол шетелге анасының қолхаты арқылы сән үйіне фотосессия жасау мақсатында баратындығын айтып кеткен», - дейді баспасөз қызметінің мамандары.
Айта өтейік, ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 128 бабы 3 тармағы «адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: baq.kz

11 қараша 2015, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.