Атырау, 19 мамыр 17:00
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

2016 жылы Қазақстаннан Иранға тікелей рейс ашылады

1 389 просмотра

«Эйр Астана» әуе компаниясы 2016 жылы Алматы-Тегеран тікелей рейсін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында компанияның корпоративтік коммуникациялар бойынша вице-президенті Белла Тормышева мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біз 2016 жылы Алматы-Тегеран рейсін ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Астанадан Ұлан-Батырға әуе қатынасы ашылады», - деп хабарлады Б.Тормышева.

Айта кетейік, биыл маусым айында Астанадан Сеул мен Тбилисиге тікелей әуе қатынасы ашылған болатын.

Жалпы, «Эйр Астана» әуе компаниясы тұрақты рейстер орындауды 2002 жылдан бастады. Қазіргі уақытта компания 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын желіге ие.

Дереккөз: bnews.kz

10 қараша 2015, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.