Атырау, 12 ақпан 09:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Алматыда апалы-сіңлілі өздеріне-өздері қол салды

1 558 рет қаралды

1966 жылғы апалы-сіңлілі 9 қарашаға қараған түні сауда үйінің шатырынан секіріп, екеуі де алған жарақаттарынан сол жерде жан тәсілім етті.

АСТАНА, 10 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыда егіздер ғимарат шатырынан секіріп, мерт болды. Қайғылы оқиға Райымбек-Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы «Мерей» сауда үйінің маңында болған деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

"1966 жылғы апалы-сіңлілі 9 қарашаға қараған түні сауда үйінің шатырынан секіріп, екеуі де алған жарақаттарынан сол жерде жан тәсілім етті. Қазір қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. Алдын ала болжам бойынша, бұл өзіне-өзі қол жұмсау",-деді Әзірбек.


Тергеу ісінің алдын ала анықтауы бойынша, мұндай қадамға баруға материалдық жағдайдың жеткіліксіздігі, жұмыссыздық басты себеп болуы ықтимал.

Дереккөз/фото: newskaz.kz

10 қараша 2015, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.