Атырау, 27 қыркүйек 09:24
 дождьВ Атырау +12.2
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен сұлатты

2 811 рет қаралды

30 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мәнсабындағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді.

Қанаттың бұл жолғы қарсыласы Доминикан Республикасының 31 жастағы боксшысы Джонатан Батиста болды. АҚШ-та өткен алғашқы орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта-ақ өз мәресіне жетті. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Қанат Ислам өзінің кәсіби мәнсабындағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал 23 жекпе-жек өткізіп үлгерген Джонатан Батиста 8-ші жеңілісіне ұшырады.

Дереккөз: alaman.kz

9 қараша 2015, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.