Атырау, 28 қараша 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Доллар бағамы 312 теңгеден асты

1 482 просмотра

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 312,65 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, өткен апта 310,85 теңгебағаммен жабылған болатын.

9 қараша күні таңғы саудада бірінші келісім 313,5 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға - 308,5. Ал ең жоғарысы 315 теңгеден асты. Сауданың жалпы көлемі 64,55 миллион доллардан жоғары болды. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Астана уақытымен сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 310-313 теңге аралығында болды.

Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Айта кетейік, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетовтің орнына Данияр Ақышев келді.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қараша 2015, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.