Атырау, 28 қараша 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қанат Ислам туған мекеннен тағы бір қазақ батыры шықты (ФОТО)

4 507 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Ислам туған Қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданынан тағы бір қазақ батыры шықты. Ол бірден кәсіпқой бокста бағын сынап, Филиппин, Тайланд, Қытай елдерінің саңлақтарын сан соқтырып, милиардтардың назарын өзіне аудара бастады.

Бұл қазақ батырының есімі Бейсенбі Нәсиоллаұлы. 1994 жылы Қаба ауданында дүниеге келген.

Ол биыл Қытайдың ішкі қалаларында ұйымдастырылған азиялық кәсіпқой жарыстарға бес рет қатысып, барлығында жеңіске қол жеткізді. Оның біреуінде ғана (6 раунд) ұпай санымен басым түссе, қалған төртеуінде жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бейсенбі соңғы жекпе-жегін осыдан 5 күн бұрын, яғни қарашаның 4 күні өткізді. Тұңғыш рет 8 раундтық бәсекеде қарсыласын 1 минут 20 секундта сұлатып тастады.

Бейсенбі қазір қытайдың ішкі қалаларының біріндегі «Жоң-Вей» компаниясымен келісімшартқа отырып, Лиябың Дұң есімді филиппиндік бапкердің қол астында жаттығып, шеберлігін шыңдап жүр. Салмағы - 147,4 фунт (66,8 келі), бойы 180 сантиметр. Қазір ол жалпы рейтингте осы салмақ дәрежесінде дүниежүзі бойынша 467 орында болса, Қытай елі бойынша 2 орында тұр.

Біз ата-жұртынан алыста жүрсе де, Алаштың абыройын асырып жүрген қандасымызға тек сәттілік жолдас болсын дейміз. Осы қарқынынан таймай, әлемдік додаларда асығы алшысынан түсе беруіне тілектеспіз.

Дереккөз: inform.kz

9 қараша 2015, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.