Бүгін «Астана Арена» алаңында «Ақтөбе» футболшыларымен ойнаған елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті. Бұл – «Астана» командасының ел чемпионатындағы екінші жеңісі.
Бүгінгі ойынға «Ақтөбенің» бас бапкері қақпашы Стас Покатилов пен қорғаушы Юрий Логвиненко сияқты негізгі ойыншыларды алып келмепті. Ал өз кезегінде «Астана» жаттықтырушысы Станимир Стойлов «Ел чемпионы» атағы үшін өткен кездесуге ең мықты құрамды алаңға шығарды. Ойынның соңғы минуттарында гол соққан футболшы Джуниор Кабананга болды. Айта кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасының қорытындысы бойынша, Алматының «Қайраты» – күміс, ал «Актөбе» командасы қола жүлдені місе тұтты.
Дереккөз: 24.kz