Атырау, 28 қараша 07:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Казатомпром» Францияға уран жеткізбек

1 248 просмотра

«Казатомпром» ұлттық компаниясы Electricite de France (EDF) компаниясымен Францияға Қазақстан уранын тасымалдау туралы келісім жасасты. Бұл жайында бүгін «Казатомпром» баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімге сәйкес, «Казатомпром» EDF компаниясына 2021-2025 жылдары аралығында 4 мың 500 тонна табиғи уран концентратын жеткізбек.

Ынтымақтастық туралы коммерциялық келісімге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары кезінде қол қойылған.

«Казатомпром» бұған дейін Қытайдың China Nuclear Energy Industry Corporation корпорациясымен Қытай аумағы арқылы Солтүстік Америка мен Канадаға, Үндістан атом энергиясы департаментімен осы елге 2019 жылға дейін 5 мың тонна уран тасымалдау туралы келісім жасасқан.

Дереккөз/фото: azattyq.org

6 қараша 2015, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.