Еліміз жыл сайын жол апатынан 7 млрд доллар жоғалтады. Бұл туралы парламент мәжілісінде «Қауіпсіз жол қозғалысы» ТРАСЕКА жобасының жетекшісі Алан Росс мәлім етті.
«Шын мәнінде елдің адамдары мен экономикалары зардап шегуде. Сіздердің елдеріңіздің экономикасы жыл сайын 7 млрд доллар жоғалтады. Бұл – сіздер жолға салуға жоспарлап отырған инвестицияларыңыздың жартысы. Бұл ақшаны инфрақұрылымдар мен қызметтерге пайдалануға болар еді. Сіздердің экономикаларыңыздың 5 пайызы – бұл қазіргі дағдарыс жағдайында жол-көлік апатынан жоғалтып отырған мол қаржы», – деді ол.
Оның атап өтуінше, жол апатынан көптеген адамдарды жоғалту – бұл тек қана экономика емес сонымен бірге елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласының да күрделі проблемасы. Сондықтан Алан Росс Қазақстанға халықаралық тәжірибені, әсіресе, 5 жылдың ішінде жол апатынан өлім-жітімді айтарлықтай төмендеткен Францияның тәжірибесін зерделеуді ұсынды.
«Қазақстанда жол апатынан жастар, талантты адамдар опат болуда. Елдің болашағы саналатын олардың жасы 15-44 жастың аралығында», – деп қосты ол.
Осы ретте шетелдік маман елімізде заманауи қауіпсіз жолдар салынуы қажеттігін баса айтты.
«Жол салуға шығындалған 1 миллион, ауруханаларда 25 миллион үнемдеуге мүмкіндік береді. Қауіпсіз жолдар салу қажет», – деді Росс.
Дереккөз: nur.kz