Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің төңірегіндегі жағдайға түсінік беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.
АСТАНА, 5 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің төңірегіндегі жағдайға түсінік беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.
Бейсенбіде Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік саудасындағы теңгенің орташа бағамы бір күн бұрынғы 284,28 теңгемен салыстырғанда бір доллар үшін 298,92 теңгені құрады. Бұл ретте соңғы мәмілелер бір АҚШ доллары үшін 300 теңгеге жасалған.
"Алдағы уақытта Ұлттық банк толық ақпаратпен шығуды жоспарлап отыр", — деді Қожахметов сенаттың жалпы отырысының аясында.
Дереккөз: newskaz.kz