Қазақстанда 2015 жылғы 1 қарашадан «Оқулықтардың сапасына қоғамдық баға» арнайы порталының жұмыс бастады, деп хабарлады республиканың Білім және ғылым министрлігінің басасөз қызметі.
АСТАНА, 5 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда 2015 жылғы 1 қарашадан «Оқулықтардың сапасына қоғамдық баға» арнайы порталының жұмыс бастады, деп хабарлады республиканың Білім және ғылым министрлігінің басасөз қызметі.
Портал www.expert.okulyk-edu.kz адресі бойынша «Оқулық» Республикалық ғылыми-пратикалық орталығының сайтында орналасқан.
"Бұл портал беріліп жатқан оқулықтар мен ОӘҚ қоғам өкілдерінің қол жетімділігіне және ол бойынша ескертулер мен ұсыныстар білдіруге мүмкіндік береді", — делінген хабарламада.
Педагогтар мен ата-аналарды, БАҚ өкілдерін және барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды оқулықтарға қоғамдық баға беруге қатысуға шақырамыз және өздеріңіздің ескертулер мен ұсыныстарыңызды қалдыруларыңызды сұраймыз.
Сіздердің ойларыңыз оқу әдебиеттерінің сапасын жетілдіру үшін өте маңызды.
Дереккөз/фото: newskaz.kz