Атырау, 28 қараша 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Британдық инвесторлар газ құбыры құрылысын қаржыландырады

1 503 просмотра

Астаналықтар көгілдір отынға қарық болмақ. «ҚазТрансГаз» компаниясы британдық корпорациямен газ тарту жобасын қаржыландыру жөнінде келісімге қол жеткізді.

Құжатта 4 газ құбырына тиесілі электр станцияларын салу қарастырылған. Нәтижесінде тек елорда ғана емес, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған шаһарлары да көгілдір отынмен қамтылмақ. Әр турбинаның қуаттылығы – 400 мегаватт. Жоба құны 3 млрд доллардан асады. Меморандумға қол қою барысында «ҚазТрансГаз» басшысы аталмыш істер Елбасы тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Ең үнемді нұсқаны таңдаған мамандар болашақта тарифтің төмен болатынын айтып отыр.

Дереккөз: 24.kz

4 қараша 2015, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.