ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Когалымавиа» авиакомпаниясының А-321 әуе кемесінің таяудағы апатқа ұшырауына байланысты авиациялық оқиғалар мен опаттарды болдырмау үшін шаралар қабылдайды.
АСТАНА, 4 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Когалымавиа» авиакомпаниясының А-321 әуе кемесінің таяудағы апатқа ұшырауына байланысты авиациялық оқиғалар мен опаттарды болдырмау үшін шаралар қабылдайды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
"ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Когалымавиа» авиакомпаниясының А-321 әуе кемесінің таяудағы апатқа ұшырауына байланысты авиациялық оқиғалар мен опаттарды болдырмау жөніндегі оперативтік және профилактикалық шараларды күшейту, сонымен бірге ҚР авиакомпанияларының жұмысы барысында қауіпті факторлар жағдайында ұшу қауіпсіздігінің жарамды деңгейін сақтау шараларын күшейтілетіндігі жөнінде хабарлады.Комитеттің пайдаланушы қосалқы бөлімшелері мен құрылымдық бөлімшелері ұшу экипаждарының теориялық әзірліктері жөнінде қосымша сабақтар өткізу бойынша шаралар қолданылатын болады",-делінген хабарламада.
Бұдан басқа, экипаж мүшелерін жұмысқа жіберер алдында олардың басқарушы нормативтік құжаттар талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, түрлі ұшулар мен авиациялық жұмыстарға жіберуге негізделмеген рұқсат беруіне байланысты басшылардың дербес жауапкершілігін орнату, әуе кемелері (ӘК) экипаждары мүшелерін алдын-ала дайындау үдерісін, оның ішінде ұшуды жүргізу жөніндегі басқару тарауларын, ұшу эксплуатациясы мен ӘК экипаж мүшелерінің жұмыс технологиясы және өзара іс-қимыл жөніндегі басқару нұсқамаларды білуін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сонымен қатар, авиациялық персоналды әуе кемелері экипаждарының үшін кеңістікті бағдарлауын жоғалту және күрделі кеңістіктік жағдайға тап болғандағы жай-күйді зерттеп-зерделеу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, оларға ұшу қауіпсіздігін арттыру жөніндегі практикалық ұсыныстарды қоса тапсыр, мамандардың басынан өткен аурулары, операциялары, емделу тәсілдері мен құралдарының орталықтандырылған есепке алу (емдеу мекемелерінің меншік формасына қарамастан) шаралар жүйесін дайындау,техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің кезеңдік және оперативтік түрлеріне нәтижелі бақылау жасап отыру; ӘК-лерін жүрмей қалу мен ақаулы болғаннан кейін, оның ішінде минималды қажетті түзу жабдықтар тізбесінде (MEL) көрсетілгендері бар одан әрі пайдалануға жіберу жөнінде асығыс және негізсіз шешімдер қабылдануына жол бермеу жоспарлануда.
"ӘК экипаждары мүшелерімен ӘК-нің ұшуға берілген тапсырмада қарастырылмаған мақсаттар мен маршруттарда пайдалану мүмкіндігін мүлде болдырмау, сонымен қатар ұшу тапсырмасын қайтсе орындау ниетімен аэронавигациялық және метеорологиялық жағдайдың белгіленген талаптарға сәйкес болмауы, оның ішінде әскери келіспеушілік, соғыс қимылдары және ракеталар мен снарядтардың атылу-ұшырылу аймақтары үстінен ұшу арқылы ұмтылуды болдырмау жөнінде тиісті жұмыс жүргізу; әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты және демалу уақыты режимінің бұзылуын болдырмау жоспарлануда",-деп қорытындылады ҚР ИДМ-де.
Дереккөз/фото: newskaz.kz