Атырау, 28 қараша 07:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сарапшы Ұлттық банктің жаңа басшысынан доллардың 300 теңгеге дейін қымбаттауын күтеді

2 694 просмотра

Данияр Ақышевтің Қазақстан Ұлттық банкі басшысының қызметіне тағайындалуынан кейін сарапшылар одан не күтуге болатынын болжауға кірісті. Олардың бірі Ақышев тұсында доллар бағамы 300 теңгеге жетеді деп санайды. Бұл туралы LS-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Асыл-Инвест» сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов Ұлттық банктің бұрынғы менеджмент саясаты тиімсіз болғанын және бұл қаржылық секторға ғана емес, еліміздің бүкіл экономикасына әсер еткенін алға тартты.

«Орталық банкке және ұлттық валютаға сенім кредиті жоққа айналды. Мұндай жағдайда Ұлттық банк басшысының ауысқаны орынды. Жаңа басшыдан расымен тиімді нарықтық шешімдер күтілетін болады», – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жақында президентпен тағайындалған жаңа басшы Данияр Ақышев Келімбетов бастаған саясатты жалғастыратын болады.

«Де-юре саясаты сол күйі қалады. Бірақ Келімбетовпен салыстырғанда, Ақышев оны де-фактомен қатар іске асыратын болады. Сол себепті біз жақын арада валюта бағамы $1-ға 300 теңгеге дейін барудың куәсі болуымыз мүмкін», – деп санайды Байкенов.

Ол сонымен қатар жаңа басшы негізгі мөлшерлемені түсіруді бастауы тиіс деп санайды. Оның болжамы бойынша, мөлшерлеме 10-12%-ға дейін түседі. Алайда оны девальвациялық күтімді ықшамдау шартымен ғана түсіру керек деп санайды маман.

«Ұлттық банк басты назарға салған реттеуді қатаңдату мәселесін қоя тұрып, негізгі назарды бірінші кезекте қаржылық сектордың дамуына бағыттау керек. Соңғы кезде реттеуді қатаңдатуға барлық күштер жұмсалған болатын», — дейді ол.

Қазақстан стартегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) экономисі Вячеслав Додонов басшының ауысуы банк секторы мен экономикалық жағдайды айтарлықтай өзгертеді деген пікірде.

«Ұлттық банктің жаңа басшысы біртіндеп қаржы нарығына қатысушылардың реттеушіге деген сенімін қайтара алады. Бұл күтуге болатын негізгі тиімділік. Қаржылық-несиелік саясаттың магистральды векторы бұрынғы деңгейінде қалатын болады. Себебі олар объективті факторларға негізделген», – деп санайды ол.

Додонов жаңа басшының басты мақсаты банк секторындағы жағдайды тұрақтандырып, реттеушіге сенімді қайтару болуы тиіс екеніне сенімді. Ол қазіргі кезеңде айтарлықтай реформалар жүргізетін уақыт еместігін алға тартты.

«Финам» инвесткомпаниясының сарапшысы Богдан Зварич, керісінше Ұлттық банк саястынан валюталық нарықта болмасын, банк саласында болмасын қандай да бір салмақты өзгерістер күтудің қажеті жоқ деген ойда.

«Меніңше, ағымдағы экономикалық бағам жалғасады. Дегенмен валюталық нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мәселесінде әлдеқайда сенімді қадамдар жасалатын болады. Экспорттаушыларды табысының жартысын нарықта сатуға міндеттеу қадамына баруы әбден мүмкін. Бұл валюталық нарыққа оң әсерін тигізіп, құбылмалылықты азайтуға, теңгені қолдауға жағдай жасауы тиіс. Нәтижесінде ұлттық валютаға деген тұрғындардың көзқарасы да өзгереді», – дейді ол.

Дереккөз: nur.kz

3 қараша 2015, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.