Қазақстан өткен жылдары тізімде 51 орында (2009 жыл), 50 орында (2010 жыл), 46 орында (2011 және 2012 жылдар), 47 орында (2013 жыл) және 55 орында (2014 жыл) болған.
АСТАНА, 3 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан The Legatum Institute халықаралық компаниясының әлемнің өркендеген елдері рейтингісінде (Prosperty Index-2015) Орта Азияның басқа елдерін басып озып, 56 орынды иеленді, делінген рейтинг сайтында жарияланған баяндамада.
Қазақстан өткен жылдары тізімде 51 орында (2009 жыл), 50 орында (2010 жыл), 46 орында (2011 және 2012 жылдар), 47 орында (2013 жыл) және 55 орында (2014 жыл) болған.
Тізімге барлығы әлемнің 142 елі кірген. Рейтингте бірінші орындарда Норвегия, Швейцария, Дания, Жаңа Зеландия және Швеция, соңғылары — Бурунди, Чад, Гаити, Ауғанстан және Орталық Африка республикасы.
Өзбекстан тізімде 57 орынды, Қырғызстан — 66 орынды, Тәжікстан — 91 орынды иеленген, Түркмения осы рейтингке кірмеген.
Өркендеу индексі сегіз көрсеткіштен құралады, экономика (Қазақстан 54 орында), кәсіпкерлік (56), басқару (107), білім беру (55), денсаулық (51), қауіпсіздік және күзет (66), жеке бостандық (85), қоғамдық капитал (46).
Дереккөз: newskaz.kz