2015 жылдың 3 қарашасында KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 282,7 теңгеге тең болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Сауда көлемі 134,5 миллион доллардан асты. Kurs.kz мәліметі бойынша, қазір ақша айырбастау орындарында доллар 281-284 теңге аралығында сатылып жатыр. Айта кетейік, 2 қарашада кешкі сессия кезінде доллар бағамы 281,27 теңгеге көтерілген еді.
Еске сала кетейік, кеше, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, орнына Данияр Ақышев келді. Сарапшылар Келімбетовтің өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап шыққананын айтты.
Дереккөз/фото: tengrinews.kz