Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта байқалып отырған Ұлттық банкке және ұлттық выалютаға сенімді ары қарай азайтуға жол береу керектігін мәлімдеді.
АСТАНА, 2 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта байқалып отырған Ұлттық банкке және ұлттық валютаға сенімді ары қарай азайтуға жол бермеу керектігін мәлімдеді.
Дүйсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент (жоғарғы палата) сенатына Ұлттық банк төрағасы лауазымына Данияр Ақышевты тағайындауға келісім беру жөнінде өтініш жолдады, депутаттар бір ауыздан қолдап дауыс берді.
"Қазір банкке және ұлттық валюта – теңгеге деген сенім азайды, бұған жол беруге болмайды. Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелеу көлемі төмендеуде. Бұлар – төмен көрсеткіштер, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек. Д.Ақышевтың білімі мен тәжірибесі оған осы міндетті атқаруға септігін тигізетініне сенімдімін. Парламент Сенатынан елдің қаржы жүйесінің игілігі үшін менің осы шешімімді қолдауды сұраймын", – деді Назарбаев Ақорданың сайтында жарияланған сенатқа үндеуінде.
Мемлекет басшысы отандық экономиканың жағдайына бірқатар факторлар ықпал ететінін айтты. Олардың қатарында негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуін, әлемдегі геосаяси жағдайды, сондай-ақ Қытайдағы экономикалық ахуалды атауға болады.
"Біз бұл қатердің бәрін еңсереміз, ол үшін қажетті мүмкіндіктер бар, жоспарлар әзірленген. Қазақстанның мемлекеттік қарызы төмен деңгейде. ІЖӨ-нің 40 пайызы көлемінде резервтеріміз бар, егер соны тиімді пайдаланатын болсақ, экономиканың дамуын жалғастыра аламыз және халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің нашарлауына жол бермейміз", – деді Қазақстан Президенті.
Дереккөз: newskaz.kz